«Қарты бардың үйдің – қазынасы бар» дегендей, қазыналы қарттарымыз аман болып, ортамызда тілекші болып жүре берсін.
Осы орайда бүгін қарттарымызды құттықтап, оқушыларымыз ыстық лебіздерін білдіріп, мектеп-интернат кәсіподақ ұйымының атынан сыйлығымызды табыстап қайттық. Үлкендеріміз батасын беріп, балаша қуанып қалды.