Бүгінгі жоспарға сәйкес желтоқсан айының 13-і күні мектеп-интернатымызда «Жас Ұлан», «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ант қабылдау салтанатты жиыны өтті.
Жиынға ұстаздар мен оқушылар түгел қатысып, 2 сынып оқушылары «Жас Қыран», 5 сынып оқушылары «Жас Ұлан ұйымына қабылданып мектеп ұланбасына рапорт қабылдады. Жиын соңында ұстаздар оқушыларға аспан түстес көк галстуктері мен төсбелгілерін тағып берді.
Еліміздің патриотты, адал ұрпақтары көп болсын!