🔹Ұлттық салт-дәстүр ішіндегі жомарттық пен ынтымақтың, молшылықтың еңбек мерекесі “Сабан той және гулдер көрмесі” ұйымдастырылды.
🔹Аталған шараға барлық мектеп ұжымы шақырылды
🔹Той ұлттық киімдерін киіп шыққан оқушылардың шеруімен басталды. Тәрбиешілер мен оқушылар ән айтып, би билеп ұмытылып бара жатқан ұлттық мүдде ұршық иіру, киіз басу, тары түю секілді дәстүрлермен әдет ғұрыптарды насихаттады. 🔹Мектеп кітапханашысы тойдың көркін ашып мақал мәтел,жаңылтпаш,логикалық сұрақтар дайындап оқушыларды қызықтырды.
🔹Бүгінгі той ұлттық құндылықтарды қазынасындай баба мұрасындай қадірлей білетін әрбір қазақтың тойы. #біртұтас_тәрбие