"Өнерлінің өрісі кең","Жігітке жеті өнер де аз" деген халық даналығынан шыққан киелі ұғымдар тектен-тек емес.
Әр бір оқушы білімімен, тәрбиесімен және өнерге деген құштарлығымен ғана өз қатарынан озық көрінеді.
Осы орайда баланың ой-өрісін кеңейту мақсатында және қолөнерге қызығушылығын арттыру үшін 7 класс оқушыларымен бірге DALA CRAFTS атты балшықтан құмыра жасау орталығына барып қайттық.
Оқушылар өз қолдарымен жеке-жеке құмыра жасаудың қыр-сырын үйреніп, бір-бірімен бөлісіп, көңілді күймен келдік.
Алдағы уақытта да өзіміздің оқушыларды еңбекке, төзімділікке және өнерге үйрететін түрлі шығармашылық орталардан көрейік...
Тәрбиеші: Ж. Шайбекова
#біртұтастәрбиеАқтөбе