Қамқоршылық кеңесі мектептің оқу тәрбие жұмысына,материалдық,техникалық базасының нығаюына және оның қызметтеріне қоғамдық бақылау жүргізе отырып мектептің дамуына оңтайлы ықпал етеді. Осыған орай мектеп -интернатымызда “Қамқоршылық кеңесінің” 1 отырысы өтті.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. «Қамқоршылық кеңес» мүшелерін жаңа құраммен толықтыру.
2. «Қамқоршылық кеңестің» ережесімен, мақсат-міндеттерімен, құру тәртібімен таныстыру.Жылдық жұмыс жоспарын бекіту.
3. «Қамқоршылық кеңес» төрағасын сайлау.
4. Қамқоршылық кеңес мүшелеріне мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайымен таныстыру.